Қазақстандық экономика менеджменті және болжау институтын бухгалтерлік есеп және қаржы мамандығы бойынша бітірген, іскерлік әкімшілендіру және бухгалтерлік есеп бакалавры дәрежесіне ие.
2011 жылы Болашақ бағдарламасы бойынша Эксетер университетін (Ұлыбритания) үздік бітірген. Қаржы және менеджмент саласындағы ғылым магистрі біліктілігі берілді.
Хисамидинова Калияның инвестициялар, M&A мәмілелері, қаржылық басқару, бухгалтерлік есеп және салық заңнамасы саласында тәжірибесі бар.
Бағыттары: қаржылық басқару, бухгалтерлік есеп, салық консалтингі, мәмілелерді құрылымдау, қазақстандық және халықаралық қаржы институттары тарапынан қарыздық қаржыландыруды тарту, M&A мәмілелері.