
Solar Fest Qazaqstan ЖЭК бойынша I халықаралық іскерлік фестивалі алғаш рет 2019 жылдың жазында өтті және Қазақстанның күн және жаңартылатын энергетика нарығының 300-ден астам өкілдерін: мемлекеттік органдардың, есеп айырысу-қаржы орталығының, ЖЭК аукциондық сауда-саттығын ұйымдастырушының, отандық және шетелдік инвесторлардың, халықаралық сарапшылар мен саланың танылған әлемдік көшбасшыларының, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының, қауымдастықтардың және Қазақстан университеттерінің өкілдерін жинады.
Solar Fest Qazaqstan – бұл мемлекеттік құрылымдар өкілдерін, халықаралық сарапшылар мен салалық бизнес қоғам өкілдерін біріктірген іскерлік шара ғана емес, бұл, ең алдымен, қатысушылар Қазақстанда ЖЭК дамыту бойынша өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алған диалог алаңы.
Екі күн ішінде оның қатысушылары «жасыл» энергетиканың өзекті мәселелерін – Қазақстанда ЖЭК жобаларын іске асырудың проблемалары мен қиындықтарын, жаңартылатын энергия көздерін одан әрі дамыту перспективаларын, нарықтың негізгі ойыншыларын алаңдататын сын-қатерлерді талқылады.
Талқылау нәтижесі Қазақстанда ЖЭК-ті одан әрі дамыту бойынша жаңартылатын энергетика саласының іскерлік қоғамдастығынан ҚР Үкіметіне үндеу – Хартиясы болды. Бұл Хартия Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин мырзаға жолданды. Соңғы 4 жыл ішінде ҚР Энергетика министрлігі, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы, ЖЭК іскерлік қоғамдастығы Хартияны іске асыру бойынша үлкен жұмыс атқарды. Қазіргі уақытта барлық негізгі ережелер орындалды.
Біз бұл Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бастаған салалық қоғамдастықтың бірлескен жұмысының практикалық нәтижесі деп санаймыз, ал Solar Fest Qazaqstan бизнестің пікірі мен мемлекеттік органдардың көзқарасын жинақтай алатын алаңға айналды.
Іс-шара бірнеше жыл бұрын өткеніне қарамастан, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы әлі де отандық және шетелдік қатысушылардан оң жауаптар алуда. Осыған байланысты Qazaq Green Fest ЖЭК бойынша II халықаралық іскерлік фестивалін өткізу туралы шешім қабылданды, ол 2023 жылғы 25-26 мамырда Rixos Hotel Borovoe қонақ үйінде өтеді.



