2005 жылы «Қаржы және қаржы құқығы» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2007 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің «Қаржы» мамандығы бойынша магистратурасын, 2009 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын бітірді. 2012 жылы Болашақ бағдарламасымен «Уорвик» университетінің магистратурасын (Ұлыбритания) “Жобаларды басқару” (Programme and Project Management) мамандығы бойынша тәмамдады.
2005 – 2006 жылдар аралығында – Қаржы министрлігі саласында жетекші маман болып жұмыс істеді.
2006 жылдан бастап монополияға қарсы салада аумақтық құрылымдық бөлімшелерде бас маман болып жұмыс істеді.
2009 жылдан бастап «Бәсекелестік саясатын дамыту және қорғау» АҚ және «KazEnergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінде жұмыс істеді.
2013 жылдан бері директор орынбасары лауазымынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының орынбасарына дейінгі лауазымды атқарды.
2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
2019 жылғы қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы болып табылады.