ҚЭА Директорлар кеңесінің төрағасы
Анатолий Шкарупа 1998 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын отын-энергетика кешені салаларындағы экономика және менеджмент мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын «КЕGOС электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» ААҚ Бюджет және есеп департаменті Есеп және статистика басқармасының тарифтер әдіснамасы бөлімінің жетекші маманы болып бастады;
1999-2001 жылдары – «КЕGOС электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» ААҚ Экономика департаментінің бюджетті жоспарлау, баға белгілеу және тариф саясаты бөлімінің бас маманы;
2001-2002 жылдары – «КЕGOС электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» ААҚ Экономика департаментінің баға белгілеу және тариф саясаты бөлімінің басшысы;
2002-2005 жылдары – «КЕGOС электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» ААҚ Жоспарлау және экономикалық талдау департаменті директорының орынбасары;
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу және бақылау департаментінің директоры; Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары; «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.
Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, ҚР энергетика вице-министрі болып жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта ҚЭА Директорлар кеңесінің төрағасы және Qazaq Green ЖЭК Қауымдастығы ЗТБ тәуелсіз директоры болып табылады.