+7 701 286 69 50
Search
Close this search box.

QAZAQ GREEN FEST 2024
Жаңартылатын энергетика бойынша ІIІ Халықаралық іскерлік фестивалі

Еділ Көпенов

«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің Бас директоры

1994 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетін «Тарих» мамандығы бойынша, 2002 жылы Д.А. Қонаев атындағы университетті «Қаржы және несие» мамандығы бойынша және 2011 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 1992 жылы «Азияторгсервис» кәсіпорнының коммерциялық бөлімінің менеджері, кейін коммерциялық директоры болып бастаған.

Әр жылдары энергиямен жабдықтаушы, электр желілік және энергия өндіруші ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарған: «Талдықорған АЭС» ААҚ, «Үштөбе АЭС» ААҚ, «Талдықорған акционерлік көлік-электр желілік компаниясы» АҚ, «Астанаэнергосбыт» ЖШС, «СевКазЭнерго Петропавловск» ЖШС, «Солтүстік Қазақстан Энергоорталығы» ЖШС, «Ақмола электр желілік үлестіру компаниясы» АҚ, «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, «Астана-ЕРЦ» ЖШС.

2016 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде – «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» (ЭҚНҚО) АҚ-ның Басқарма Төрағасы, кейіннен «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Бизнесті трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры, Басқарма мүшесі, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС- нің бас директоры болып жұмыс атқарды.