Ерлан Рамазанов 2011 жылы ЕҚҚДБ-ға елдің тау-кен және мұнай-газ салаларында ЕҚҚДБ портфелін дамыту мақсатында банктің табиғи ресурстар бөліміне бас банкир ретінде қосылды. Банкке келгенге дейін Еран «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен өндіру компаниясының инвестициялар бөлімінің бастығы болған. Бұған дейін Мәскеудегі «Эрнст энд Янгта» бағалау және бизнес-модельдеу бөлімінің менеджері болып жұмыс істеді, онда Ресейдің ірі мұнай-газ, тау-кен өндірісі және коммуналдық компанияларының бағалау жобаларын басқарды.
Қазіргі уақытта ол Ресейдегі, Кавказдағы және Орталық Азиядағы энергетикалық сектордың портфолиосын қадағалайды және тиісті аймақтағы салалық банкирлер тобын басқарады. Ерлан Рамазанов Жаңа экономикалық мектептің (Мәскеу, Ресей) магистр және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бакалавр дәрежесіне ие.