+7 701 286 69 50
Search
Close this search box.

QAZAQ GREEN FEST 2024
Жаңартылатын энергетика бойынша ІIІ Халықаралық іскерлік фестивалі

Евгений Больгерт

Еңбек жолын заңгерлік және консалтингтік қызметтер саласында бастады.

2011 жылдан бастап Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығында атқарушы директордың орынбасары қызметін атқарды.

2013 жылы «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы құрылған сәттен бастап тау-кен өнеркәсібі Хатшылығының басшысы, Атқарушы хатшы, базалық салалар бойынша Басқарушы директор лауазымдарын атқарды.

2016 жылдан 2019 жылдың мамыр айына дейін өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігі және техникалық диагностикасы саласындағы қызметтерге маманданған «Kamkor Service» ЖШС Бас директоры болып жұмыс істеді.

2019 жылғы мамырдан 2020 жылғы қарашаға дейін «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Басқарма мүшесі-Басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.

2019 жылдан 2021 жылға дейін «KTZ Express» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде кірді.

ҚР Парламенті Сенатына тағайындалғанға дейін қазақстандық теміржол жүк тасымалдаушылары қауымдастығын басқарды.

Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР Қаржы Министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде тұрады.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі, «Атамекен» ҰКП Төралқасының мүшесі, «Возрождение» қазақстандық немістер бірлестігі» ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып табылады, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің құрамына кіреді. 2011 жылдан бастап «Аманат» партиясының мүшесі, сондай-ақ «Аманат» партиясы жанындағы көлік және логистика комитетінің мүшесі. Қазақстан-Германия стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі іскерлік кеңесінің басқарма құрамына кіреді.

Құқықтық актілердің жобаларын сараптау, заң шығару жұмысына қатысу, Қазақстан Республикасының Парламентімен, министрліктерімен және ведомстволарымен, Еуразиялық экономикалық одақ органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі бар. Мемлекеттік және салалық бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу. Экономиканың нақты секторындағы ірі жобаларды басқару тәжірибесі бар.

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 24 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты лауазымына тағайындалды.