Нұрлан Қапенов

«Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының Директорлар кеңесінің төрағасы

Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің жанындағы Экономика және гуманитарлық ғылымдар халықаралық Жоғары колледжі (университеті) (Қазақстан – АҚШ). Мамандығы – Экономика және менеджмент. Біліктілігі – менеджер-экономист (ҚР дипломы), Бизнес-әкімшілендіру (АҚШ дипломы).

Қазіргі уақытта сәтті іске асырылған жел және күн электр станцияларын салу жобаларын іске асырудың бастауында тұрды.

2000-2003 жылдары «Ай-Су» корпорациясы бас директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.

2003-2009 жылдары – «СпецСтройИнжиниринг» ЖШС және «Атырау құрылыс индустриясы» ЖШС бас директоры

2010 жылы – «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ Инфрақұрылымдық жобалар департаментінің бас менеджері

2010 – 2014 жылдары бас директордың орынбасары/ «Samruk – Green Energy» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ 100% еншілес кәсіпорны)

2014-2021 жылдары – бас директор/ «Samruk Kazyna – United Green» ЖШС («Самұрық Қазына-Юнайтед Грин»)