+7 701 286 69 50
Search
Close this search box.

QAZAQ GREEN FEST 2024
Жаңартылатын энергетика бойынша ІIІ Халықаралық іскерлік фестивалі

Қайырымдылық науқаны

2019 жылы іс-шара аясында Qazaq Green және «Балалар әлемді бейнелейді» қоғамдық қоры Қазақстанның түрлі облыстарынан келген, көп балалы отбасылардан шыққан балаларды қолдауға бағытталған «Күн – Қуат – Өнер» экологиялық суреттердің қайырымдылық конкурсын ұйымдастырды.

Жас қатысушылар үшін «Күн қуаты» тақырыбында түрлі шеберлік сыныптары, тренингтер мен пленэр ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, шығармашылық шеберлік сыныптары мен экологиялық пленэрдің барлық жұмыстары фестиваль аясында ұйымдастырылған арнайы көрмеде көрсетілді. Бұл жобаның үздік жұмыстары ЮНЕСКО аясындағы «Балалар әлемді бейнелейді» атты мерейтойлық халықаралық альбомдық сериясына енді.

Іс-шара қорытындысы бойынша «Күн – Қуат – Өнер» жобасының жеңімпаздары мен финалистері анықталып, марапатталды.

Барлық балалар ұйымдастырушылардан естелік сыйлықтар мен дипломдар алды, ал олардың ата-аналары мен басшылары ұйымдастырушылардан алғыс хаттарға ие болды.

Қайырымдылық науқанын өткізу жақсы дәстүрге айналғандықтан, Qazaq Green Fest ЖЭК бойынша II халықаралық іскерлік фестивалі аясында біз іс-шара бағдарламасына қатысушыларды шақыра, арнайы бағдарламаны ұйымдастыра және фестивальдің бірінші күні марапаттай отырып, жаңартылатын энергия көздерін дамыту тақырыбында балалар арасында қайырымдылық науқанын немесе конкурс өткізуді енгізуді жоспарладық.

Биыл біз Ақмола облысының балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық науқанын/конкурсын өткізуді жоспарлап отырмыз және қазірдің өзінде пысықтауға кірістік.

Егер Сіз қайырымдылық науқанының демеушісі ретінде қатысуға қызығушылық танытсаңыз, келесі байланыстар арқылы ұйымдастырушыларға хабарласа аласыз:

Тимур Шалабаев, Тел.: +7 701 286 69 50, e-mail: t.shalabayev@spaq.kz

Надежда Шаяхметова, Тел.: +7 702 403 72 64, e-mail: nadezhda.rabota2015@gmail.com