+7 701 286 69 50
Search
Close this search box.

QAZAQ GREEN FEST 2024
Жаңартылатын энергетика бойынша ІIІ Халықаралық іскерлік фестивалі

ЗҮЛФИЯ  СҮЛЕЙМЕНОВА 

1990 жылы 25 ақпанда Ақтөбе облысында дүниеге келген, қазақ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бакалавриат пен магистратураны бітірді. «Қауіпсіздік және халықаралық зерттеулер» бағдарламасы бойынша Жапонияның Ұлттық саяси зерттеулер институтында PhD доктор дәрежесін алған. Президенттік жастар кадрлық резервінің резервшісі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының Өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері лауазымынан бастады. 2020 жылғы қаңтар айынан бастап 2021 жылғы қаңтар айы аралығында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің, Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментерінің директор орынбасары лауазымдарында жұмыс атқарды. 2021 жылғы қаңтар айынан бастап 2022 жылғы наурыз айы аралығында Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламентінің депутаты болды. 2022 жылғы наурыз айынан бастап 2023 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметін атқарды.