Астана, Hilton Astana қонақ үйі, Grand Ball Room

QAZAQ GREEN FEST 2026

Жаңартылатын энергетика бойынша V Халықаралық іскерлік фестиваль

Талғат Темірханов

«Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы» ЗТБ төрағасы

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша бітірген.

2008-2013 жж. – «АрселорМиталл Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Саран» шахтасының техникалық бөлімінің бас маманы, жетекші маманы, желдету және  қауіпсіздік техникасы учаскесінің тау-кен шебері болып жұмыс істеді.

2013-2014 жылдары — «Хим-плюс» ЖШС Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры, «Самұрық-Қазына» АҚ «Бірлескен химиялық компания» ЖШС еншілес компаниясы, Тараз қ.;

2014-2015 жж. – «ҚР Энергетика министрлігі» ММ Көмір өнеркәсібін дамыту департаментінің бас сарапшысы

2015-2019 жж. — «Тау-кен өндірісі және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы»ЗТБ Экология және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің директоры

2019-2020 жж. – «Атамекен» ҚР ҰКП Базалық салалар және экология департаментінің директоры.

2020-2022 жж. – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі, базалық салалар және экология, логистика және тасымалдау және экономикалық интеграция департаменттерінің жұмысына жетекшілік етті

Сайтымызда ең жақсы тәжірибе алуыңыз үшін біз cookie файлдарын қолданамыз