ЖЭК бойынша Solar Fest Qazaqstan I Халықаралық іскерлік фестивалі 2019 жылдың жазында өтті және мемлекеттік органдардың, ҚЕАО, ЖЭК аукциондық операторының, инвесторлардың, халықаралық сарапшылардың, қаржы институттары мен университеттердің өкілдерін қоса алғанда, 300-ден астам қатысушыны жинады. Бұл жай ғана іскерлік іс-шара емес, ЖЭК саласындағы негізгі сын-тегеуріндер, жобаларды іске асырудың күрделілігі және саланың келешек перспективалары талқыланған толыққанды диалог алаңы болды.