+7 701 286 69 50
Search
Close this search box.

QAZAQ GREEN FEST 2024
Жаңартылатын энергетика бойынша ІIІ Халықаралық іскерлік фестивалі

Бурабайда «Solar Fest Qazaqstan» І-ші халықаралық іскерлік фестивалінің қатысушылары «жасыл» энергетиканың өзекті мәселелерін талқылады

4-5 шілдеде Бурабайда Қазақстан Республикасында жаңғыртылатын энергия көздерінің (ЖЭК) саласын дамыту мәселелеріне арналған «Solar Fest Qazaqstan» І-ші халықаралық іскерлік фестивалі болып өтті.

Екі күн ішінде оның қатысушылары «жасыл» энергетиканың өзекті мәселелерін – Қазақстанда жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту перспективаларын, жасыл технологиялар саласындағы уақтылы мәселелерді талқылады.

Фестиваль үш жүзден аса қатысушыларды жинады: бұл мүдделі министрліктердің, Инвестициялар жөніндегі комитеттің, Қаржы- есеп айырысу орталығының өкілдері, Халықаралық сарапшылар және саланың танымал әлемдік көшбасшылары, Отандық және шетелдік инвесторлар; Бейіндік қауымдастықтар мен кәсіптік бірлестіктердің өкілдері; Қазақстан Республикасының жастар қоғамының өкілдері; мемлекеттік органдар.  

Есте қаларлығы, «Solar Fest Qazaqstan» фестивалі ҚР «ЖЭК пайдалануды қолдау туралы» Заңын қабылдаудың торқалы жылында өтіп отыр. Бұл Заң осыдан тура 10 жыл бұрын 2009 жылғы 4 шілдеде қабылданды.

Іскерлік іс-шараның ресми бөлігін ашқан Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұнғат Есімханов атап өткендей, «Қазқақстанда жасыл технологиялар саласындағы жобалардың «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуден кейін ерекше дами бастады. Мысалы, 2020 жылға қарай электр энергияның жалпы өндірісіндегі ЖЭК үлесі – 3%, 2025 жылға қарай – 6%, 2030 жылға қарай – 10% болып анықталды, 2050 жылға қарай ЖЭК және энергияның баламалы көздеріне барлық жиынтық энергияны тұтынудың кемінде жартысы тиесілі болуы керек».

ҚР Энергетика вице-министрінің сөзінше, Қазақстанда бүгінгі күні шамамен 800 МВт жалпы қуаттылығымен 74 объект жұмыс істейді. ЖЭК объектілерімен жалпы алғанда өткен жылмен салыстырғанда 63%-ға көп электр энергиясы өндірілді. Жақында ғана 1 шілдеде Түркістан облысында іскерлік іс-шараның Бас демеушісі Risen Energy (Hong Kong) Co. Ltd 50 МВт қуаттылығы бар күн электр станциясының капсуласын салды.

Өз кезегінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиев, жергілікті атқарушы органның ЖЭК бағытында дамуды қалайтын әлеуетті инвесторларды қолдау қызығушылығы мен дайындығын атап өтті.

«Біз астананың айналасында орналасқанбыз және көптеген кәсіпкерлер қызығушылығын білдіріп отыр. Біз, Ақмола облысының сондай-ақ баламалы энергетиканы дамытуға қатысуы бойынша көшбасшысы болуын қалай отырып, максималды көмек көрсетуге дайынбыз», – деді Иғалиев.

Айтып өтейік, 74 қазақстандық ЖЭК жобаларының ішінде екі жоба Ақмола облысында жүзеге асырылған. Бұл Ерейментау ауданындағы 45 МВт-қа арналған жел энергостанциясы және Целиноград ауданындағы «Родина» агрофирмасының 750 мың КВт-қа арналған жел-энергиялық қондырғысы. Ол компанияның және елді мекеннің жеке қажеттіліктерін өтейді. Олар астана маңындағы өңірдің жалпы электр энергиясының көлемінен 17% шығарады. 2023 жылға қарай 6 жаңа жобаны – бес жел және бір күн электр станциясын енгізумен бұл көрсеткішті 45%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Олардың жалпы құны 153 млрд. теңгеге бағаланып отыр.

Форум қатысушылары пленарлық отырыстар мен панельдік сессияларда Қазақстан Республикасында жаңғыртылатын энергетиканы мемлекеттік дамыту саясатын: қолдаудың жаңа механизмдерін; перспективада бұдан әрі ЖЭК пайдалану және дамыту мәселелеріндегі ұзақ мерзімдік дамытумен алдағы жылдарға арналған позициялар мен мақсаттарын талқылады.

«Қаржыландыру – ЖЭК дамытудың негізгі қозғалтқышы: қолжетімді құралдар, проблемалар, перспективалар» панельдік сессиясының модераторы – Еуразия, ЕҚДБ Энергия ресурстары департаментінің директоры Аида Сыдықованың атап өткеніндей, «ЖЭК жобалары бүгінгі күні мемлекет тарапынан қолдауына ие, бұл орайда халықаралық қаржылық ұйымдардың есебінен қаржыландырылуда. Біз, жобалардың техникалық, экологиялық көрсеткіштеріне, сондай-ақ қаржылық қабілеттіліктеріне бағдарланамыз. Біз ақша беріп отырған тараптарымызға мұқият қараймыз. Және бүгінгі күні бұл өзін толықтай ақтап отыр. Бүгінгі күні ЕҚДБ басқа қаржылық әріптестерімен бірге 300 млн. еуродан аса қаражатты инвестициялады – негізінен Қазақстанның күн генерациясына».

Ол сондай-ақ бүгінгі күні аукциондық сауда-саттыққа қатысатын мемлекеттік органдар мен инвесторлардың рөлін атап өтті. «Жасыл технологиялар ЖЭК-не арналған тарифтердің салыстырмалы немесе тіпті дәстүрлі генерацияға қарағанда төмен болатын елдердің жағдайына жақындату және төмендету драйверіне айналатын болады».

«Solar Fest Qazaqstan» фестивалінің «бизнеске» (іскерлік) ден қойып өткізіліп отырғаны кездейсоқтық емес. Мұнда екі күн ішінде жасыл жобалардың қатысушыларына кездесетін ең өткір және өзекті мәселелері «риясыз» талқыланды. Мысалы, Бүгінгі күні ЖШС ретінде тіркелген Қаржы- есеп айырысу орталығының (ҚЕО) тұрақтылығы туралы.

«ЖЭК қолдау бойынша Қаржы- есеп айырысу орталығы ЖШС қаржылық тұрақтылық мәселесі» ЖЭК-не инвестицияларды тартуға және осындай инвестициялардың құнына елеулі әсер етеді. Электр энергиясының жалғыз сатып алушысының төлем қабілетсіздігі тәуекелінің төмендеуі жағдайында, инвесторлар ЖЭК аукциондарында электр энергиясына тартымды бағалар бере алады, бұл Қазақстан экономикасына ЖЭК әсерінің құнына оң әсер етеді. Осыған байланысты Үкіметке ҚЕО ұзақ мерзімдік тұрақтылығын қамтамасыз етудің нақты механизмін әзірлеуі қажет», – деді «Қазақстан күн энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Қапенов.

ЖЭК жобаларына жер телімдерін бөлу мәселесі де назарсыз қалған жоқ. «Олар бізде – ауыл шаруашылық мақсаттарға арналған. Ал бүгінгі заңнамаға сәйкес, өзінің жарғысында шетелдік құрылтайшыларына ие компаниялар, ауыл шаруашылық қажеттіліктеріне арналған жерді рәсімдеу құқығына ие емес. ҚР Үкіметімен, Инвестициялар жөніндегі комитетпен бірге болашақта ЖЭК жобаларын жүзеге асыру үшін ауыл шаруашылыққа арналған жерді өнеркәсіптік мақсатқа қалай аударуға болатыны жайлы механизмді пысықтау керек», – деп түсіндірді спикер.

Бүгінгі таңдағы тағы да бір маңызды мәселелердің бірі қарыз шарттары. ЖЭК жобалары орташа алғанда 70%-ға халықаралық қаржылық институттардың қарыздық қаражаттарының есебінен жүзеге асырылып отыр. Бұл орайда олардың өтелімділік мерзімі – 10-15 жыл. Табыстылықтағы үлкен рөліне қарыздық пайыздық мөлшерлемесі ие болып отыр.

«Бүгінгі күні Қазақстанда ол (пайыздық мөлшерлеме) өте жоғары – жылдық 12-13% шегінде. Бүкіл әлемде ЖЭК жобалары 1,5-3 пайыздан артық емес қаржыландырылып отыр», – деді Н. Қапенов.

«Solar Fest Qazaqstan» кездесулер мен пікірталас қорытындысы салалық қоғамдастықтың атынан ҚР Үкіметіне арналған Жүгіну Хартиясы болды. Құжат нарық сарапшылары мен қатысушыларының қазіргі позициясын белгіледі және алдағы жылдарда және бұдан әрі ұзақ мерзімдік даму перспективасында Қазақстан Республикасындағы ЖЭК дамыту мәселелері бойынша олардың пікірлерін ұсынды.

Яғни, іскерлік қоғамдастықтың пікірі бойынша Қазақстан нарығында ЖЭК дамуын тежейтін факторлардың бірі, ЖЭК азырақ ауқымды жобаларын енгізудің жеткіліксіз ынталандырылуы, қаржы институттардың тарапынан ұлттық валютада ұзақ мерзімдік қаржыландырудың қолжетімсіздігі, ЖЭК дамытуды ынталандыру үшін тарифтік саясаттың жетілдірілмеуі, сонымен қатар ҚР білім беру жүйесінде ЖЭК бойынша оқытудың талап етілетін бағдарламаларының жоқтығы болып табылады.

Фестиваль алаңында сондай-ақ «Күн – Энергия – Өнер» тақырыбындағы экологиялық сурет конкурсы аясындағы балалардың шығармашылық жұмыстарының көрме-таныстырылымы ұсынылды.

Қазақстан Күн Энергетикасы Қауымдастығының бастамасы бойынша және қолдауымен ҚР аз қамтылған отбасылардан шыққан өнерпаз балалар арасында өткізілген республикалық ерекше экологиялық суреттер конкурсының жеңімпаз балалары құнды жүлделермен және сыйлықтармен марапатталды, олар үшін арнайы шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

«Solar Fest Qazaqstan» халықаралық іскерлік фестивалін дәстүрліге айналдыру жоспарланып отыр, келесі фестиваль тура бір жылдан кейін, сондай-ақ анағұрлым ауқымды алаңда өтетін болады.

«Solar Fest Qazaqstan» – жаңғыртылатын энергетика саласының барлық мүдделі қатысушыларын жинаған халықаралық іскерлік фестиваль.

Анықтама үшін:

Жаңғыртылатын энергия көздері соңғы бірнеше жыл ішінде Қазақстанмен энергетика кешенін дамыту векторларының бірі ретінде позицияланып отыр. ЖЭК секторын дамытудың нақты нысаналы индикаторлары қабылданды. Мысалы, 2020 жылға қарай электр энергияның жалпы өндірісіндегі ЖЭК үлесі – 3%, 2025 жылға қарай – 6%, 2030 жылға қарай – 10% болып анықталды, 2050 жылға қарай ЖЭК және энергияның баламалы көздеріне барлық жиынтық энергияны тұтынудың кемінде жартысы тиесілі болуы керек.

Қазақстанда ЖЭК жобаларын жүзеге асыру процесі 2009 жылы «ЖЭК пайдалануды қолдау туралы» Заңының қабылдануы және оны жүзеге асыру үшін бірқатар қабылданған нормативтік құқықтық актілердің арқасында туындады. Аукциондық сауда-саттық механизмі, елде бастапқы кезеңде ЖЭК секторын іске қосуға мүмкіндік берген, 2018 жылға дейін әрекет еткен белгіленген тарифтердің орнына келді. Аукциондық механизм ЖЭК объектілерімен өндірілетін электр энергиясына арналған объективті нарықтық бағасын анықтауға, әлеуетті инвесторларды іріктеудің мөлдір процесін құруға мүмкіндік берді.

Ғаламшардағы 90 ел электр энергиясын өндіру үшін күн сәулесін пайдалануда, ал 32 елде 1 ГВт-тан артық күн электр станциялары орнатылған. Күн энергетикасын дамытудағы көшбасшы елдер Қытай (176 ГВт), АҚШ (62 ГВт), Жапония (56 ГВт), сонымен қатар Германия (45 ГВт) және Үндістан (33 ГВт) болып табылады. Салыстыру үшін Қазақстандағы барлық электр станцияларының жалпы белгіленген қуаттылығы 21 ГВт құрайды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік күн энергетикасының белгіленген қуаттылығы 500 ГВт-тан асты. Бұл, 2018 жылы 100 ГВт-тан артық фотоэлектрлі станцияларды салу қорытындысы бойынша мүмкін болды. Әлемдік күн энергетикасына КЭС белгіленген қуаттылығын 300-ден 500 ГВт-қа ұлғайту үшін небәрі 2 жыл қажет болды. Салыстыру үшін, әлемдегі АЭС белгіленген қуаттылығы шамамен 400 ГВт құрайды.

Беделді әлемдік сарапшылар болжамдап отырғандай, 2019 жылда бүкіл әлемде 129 ГВт фотоэлектрлі күн электр станциялары орнатылатын болады, яғни 2018 жылға қарағанда 29 ГВт-қа көп.

Қазақстан сондай-ақ күн электр станцияларын салу жобаларын жүзеге асыру және елде күн энергетикасын тұрақты кезеңдік дамытудың сәтті және ерекше тәжірибесіне ие. Осы процестердің қатысушылары 2018 жылы кәсіптік бірлестікті саланың қазақстандық және халықаралық ойыншылары үшін «бірыңғай алаңы» ретінде позициялай отырып, «Қазақстан күн энергетикасы қауымдастығына» бірікті.

Бүгінгі күні Қауымдастық мүшелері және аккредиттелген бақылаушылары шетелдік инвесторлар, девелоперлер, жабдық өндірушілері,  жобалық институттар, жоо және халықаралық қаржы институттары болып табылады. 

«Solar Fest Qazaqstan»   – жаңғыртылатын энергия көздері бойынша халықаралық іскерлік фестивалі www.solarfest.spaq.kz

ҚР Энергетика министрлігінің ресми сайты : www.energo.gov.kz

«Қазақстан күн энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ (Solar power association of Qazaqstan – SPAQ) Қазақстан Республикасында күн энергетикасына инвестициялау және сәтті дамыту үшін бүтін саясатты және тартымды жағдайларды қалыптастыру мақсатымен құрылды. 28.02.2019 жылы Қауымдастық ҚР Үкіметінің ресми аккредитациясын алды. www.spaq.kz  

Рауан Есқали

БАҚ-мен байланыс жөніндегі үйлестіруші

+ 7 777 214 0171