+7 701 286 69 50
Search
Close this search box.

QAZAQ GREEN FEST 2024
Жаңартылатын энергетика бойынша ІIІ Халықаралық іскерлік фестивалі

ДҮЙСЕНБАЙ ТҰРҒАНОВ

1981 жылы Алматы энергетика институтын инженер-электрик мамандығы бойынша, 1991 жылы Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық қаржы-экономика институтын экономист мамандығы бойынша үздік бітірді. Техника ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1981 жылы бастаған.

1981-1993 жылдары — электромонтер, электр жөндеу учаскесінің мастері, бастығы, цех бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары, кеніштің бас энергетигі, электрмен жабдықтау цехының бастығы, жылу-сумен жабдықтау басқармасының бастығы, «Қаратау» АҚ бас энергетигі.

1993-1994 жылдары — Қаратау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары бірлестігінің бас директоры.

1994-1997 жылдары — Қаратау қаласы әкімінің бірінші орынбасары.

1997-1999 жылдары – Жамбыл облысы Сарысу ауданының әкімі.

1999-2002 жылдары – Атырау қаласының әкімі.

2002 жылы — «Каспийстройсервис» ЖШС президенті.

2002-2007 жылдары — КЕГОК «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» ААҚ вице-президенті.

2007-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің вице-министрі.

2010-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің вице-министрі.

2011-2012 жылдары — «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары

2012-2017 жылдары – Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2017-2021 жылдары — «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясы» АҚ бірінші вице-президенті.

2021-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты. «AMANAT» партиясының мүшесі.

2023 жылғы наурыздан бастап – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сегізінші шақырылымының депутаты. «AMANAT» партиясының мүшесі.

«Парасат», «Құрмет» ордендерімен, «Ерен енбегі үшін», «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», «Астана» медальдарымен марапатталған.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі, ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі, Украинаның құрметті энергетигі.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылыми кеңесінің» мүшесі.

«Қазақстан пара волейбол федерациясы» РҚБ президенті.

«AMANAT» партиясы жанындағы Энергетика комитетінің төрағасы.

ҚР ІІМ Қоғамдық кеңесінің мүшесі.

«Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің мүшесі.