+7 701 286 69 50
Search
Close this search box.

QAZAQ GREEN FEST 2024
Жаңартылатын энергетика бойынша ІIІ Халықаралық іскерлік фестивалі

Хартия – Қазақстанда ЖЭК-ті одан әрі дамыту бойынша

Жаңартылатын энергия көздері саласының іскерлік қоғамдастығынан Қазақстан Республикасының Үкіметіне үндеу

(Ақмола облысы Бурабай ауданында 2019 жылғы 4-5 шілдеде өткен Solar Fest Qazaqstan іс-шарасының нәтижелері бойынша)

          Жаңартылатын энергия көздері саласының іскерлік қоғамдастығы (бұдан әрі – ЖЭК) ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшуі және тұрақты даму жөніндегі бастамаларын қолдайды.

Бүгінгі таңда Қазақстан қоғамы еліміздің экологиялық болашағы мен ұлт саулығы үшін үлкен жауапкершілікті мойындайды. Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасында парниктік газдар мен зиянды заттардың эмиссияларын төмендету факторларының бірі ЖЭК технологияларын енгізу болып табылады. Бұл ретте қазіргі уақытта Қазақстан нарығында ЖЭК дамытудың тежеуші факторлары бар, олар Solar Fest Qazaqstan іс-шарасында егжей-тегжейлі талқыланды, оның нәтижелері бойынша ЖЭК іскерлік қоғамдастығы ЖЭК саласындағы инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында осы шараларды енгізу үшін уәкілетті мемлекеттік органдар мен ҚР Үкіметі үшін мынадай ұсынымдар жібереді.

  1. Қаржы институттары тарапынан ұлттық валютада қолжетімді ұзақ мерзімді қаржыландыру ЖЭК саласын дамыту және ҚР-дағы жобалардың қаржылық тұрақтылығы үшін шешуші фактор болып табылады.

1) ЖЭК үшін аукциондық бағаларды және олардың Қазақстан Республикасының экономикасына әсер ету дәрежесін төмендету мақсатында түпкілікті мөлшерлемесі жылдық 10%-дан аспайтын ұлттық валютада қолжетімді ұзақ мерзімді қаржыландырудың (15 жылға дейін) болуы талап етіледі. Қаржыландырудың қолжетімді шарттарына қол жеткізу үшін қаржы институттарына «жасыл» жобалар үшін жеңілдікті қорландыруды ұсыну арқылы пайыздық мөлшерлемені төмендету мүмкіндігін көздейтін «жасыл» инвестициялық жобаларды қаржыландыруды қолдау жөніндегі нысаналы бағдарламаны әзірлеу мүмкіндігін қарастыру қажет;

2) ҚР Үкіметі халықаралық және ұлттық қоғамдастыққа ұзақ мерзімді және тұрақты дамуға бағдарланған «жасыл экономикаға» алынған бағдар туралы мәлімдей алатын құрал ретінде ұзақ мерзімді мемлекеттік «жасыл облигацияларды» шығару жөніндегі мәселені зерделеуді орынды деп санаймыз. «Жасыл облигацияларды» орналастырудан алынған қаражат ЖЭК-пен, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттырумен, өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқарумен, экологиялық таза көлікпен және тұтастай алғанда төмен көміртекті экономикамен байланысты «жасыл» экономикалық орынды жобаларды қаржыландыруға қайтарымды негізде барынша тиімді пайдаланылуы мүмкін.

  • Шағын ауқымды ЖЭК жобаларын енгізуді ынталандыру

ЖЭК секторының серпінді дамуымен қатар жаңа сын-қатерлер туындауда. Осындай қиындықтардың бірі – «жасыл» энергияны өндірудің біркелкі бөлінбеуі, бұл жақын арада қолданыстағы инфрақұрылымға теңгерімсіз жүктеме әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, жылыту мақсатына пайдаланылатын энергияның едәуір (шамамен 50%) үлесін ескере отырып, шағын ауқымды ЖЭК жобалары секторын дамыту мен нысаналы әртараптандыруды ынталандыру ұсынылады.

Қолдау шаралары шағын ЖЭК технологияларын пайдалануды ынталандыруға бағытталған, соның ішінде:

  1. Жылыту және ыстық сумен қамтамасыз ету;
  2. Электрмен жабдықтау (бөлінген генерацияны дамыту).

Әлеуетті қолдау субъектілері ретінде:

  1. Жеке тұлғалар, үй шаруашылықтары;
  2. Шаруа фермер қожалықтары;
  3. ШОБ, әлеуметтік нысандар (мектептер/балабақшалар/ауруханалар) бола алады.

Ұсынылатын қолдау шаралары: 

  1. Институционалдық шаралар: 
  2. ЖЭК дамуын ынталандыруға (субсидиялауға/салық жүктемесін төмендетуге), сондай-ақ ЖЭК шағын ауқымды жобаларын қосу рәсімін жеңілдетуге бағытталған ЖЭК заңнамасына/салық заңнамасына түзетулер енгізу;
  3. Шағын ауқымды ЖЭК жобаларын қолдану үшін техникалық стандарттарды әзірлеу және енгізу, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарды салу/энергиялық тиімді қайта құру саласында баламалы энергияны тұтыну деңгейі бойынша ең төменгі талаптарды енгізу;
  4.  Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде шағын ауқымды ЖЭК жобаларын енгізу бойынша нысаналы индикаторларды қабылдау;
  5. Қаржылық шаралар:
  6. Жеке тұлғалар үшін ЖЭК технологиялары құнынан 80%-ға дейін, шаруа және фермер қожалықтары үшін – 40%-ға дейін нысаналы субсидиялар енгізу;
  7. ЖЭК технологияларын орнату және қолдану үшін ШОБ үшін кредиттер бойынша банк мөлшерлемесін субсидиялау;
  8. ШОБ үшін салық артықшылықтары.
  • Шартты тұтынушылардың төлем қабілеттілігі бойынша тәуекелдер

Ағымдағы заңнамаға сәйкес ЖЭК өндірген электр энергиясын толық көлемде сатып алу бойынша міндеттемелері бар шартты тұтынушылар дәстүрлі энергия өндіруші ұйымдар (бұдан әрі – ЭӨҰ) болып табылады. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы ЭӨҰ тарифтік саясатын реттейтін (7 жылға тарифтерді «қатыру») нормативтік-құқықтық актілер (бұдан әрі – НҚА) олардың үлесінің жыл сайынғы өсуін және ЖЭК тарифтерін индекстеуді ескеретін ЖЭК электр энергиясын сатып алуға жұмсалатын шығындарды өтемейді, бұл, өз кезегінде, есеп айырысу-қаржы орталығының одан әрі төлем қабілеттілігіне қауіп төндіреді.

ЖЭК дамуын ынталандыру және белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін ЭӨҰ тарифтік саясатын реттейтін НҚА-ға өзгерістер енгізу/жетілдіру талап етіледі.

  • ЖЭК қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығының тұрақтылығы

«ЖЭК қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС-ның (бұдан әрі – ҚЕАО) қаржылық тұрақтылығы мәселесі ЖЭК-ке инвестицияларды тартуға және осындай инвестициялардың құнына елеулі әсер етеді. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының төлем қабілетсіздігі тәуекелі төмендеген жағдайда инвесторлар ЖЭК аукциондарында электр энергиясына тартымды баға бере алады, бұл ЖЭК-тің Қазақстан экономикасына әсер ету құнына оң әсер етеді.

Осыған байланысты Үкімет ҚЕАО-ның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етудің нақты тетігін әзірлеуі қажет.

  • Білім беру. ЖЭК саласының кадрлық әлеуетін дайындау

Бүгінгі таңда бакалавриат үшін де, магистратура үшін де Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде ЖЭК бойынша сұранысқа ие оқыту бағдарламасы жоқ. Осылайша, ЖЭК нарығында күн, жел, гидроэнергетика саласында жергілікті ЖЭК инженерлерінің үлкен тапшылығы бар.

Бакалавриат, магистратура, докторантура білім беру бағдарламалары топтарының тізбесіне (Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 1, 5-қосымшалар) «Инженерия және инженерлік іс» даярлау бағыты бойынша лицензия базасында ЖЭК бойынша білім беру бағдарламаларының қосымша тобын қосу ұсынылады.

Қосымша қаржыландыруды көздеу:

  • ЖЭК саласындағы жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңғырту, әсіресе зертханалар санын ұлғайту үшін,
  • ЖЭК саласында шетелдік ПОҚ және практиктерді тарту үшін,
  • бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша қабылдаудың екі циклі ішінде отандық ПОҚ (ҚР аумағында және шетелде) біліктілігін арттыру үшін, бұл, өз кезегінде, білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға мүмкіндік береді, ЖОО ПОҚ халықаралық байланыстарын кеңейтуге, шетелдік ғалымдармен бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеуге, халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланымдар санын көбейтуге, ғылыми жұмыстардың сапасын арттыруға, шетелдік серіктес ЖОО-мен бірлескен қос дипломды магистрлік және докторлық бағдарламаларды енгізуге, сондай-ақ әрі қарай ғылыми және білім беру ынтымақтастығы үшін базаны қалыптастыруға және қосымша білім беру қызметтерін ұйымдастыруға, оқу-шығармашылық қызметті ынталандыруға және т.б. ықпал етеді.

Сондай-ақ қолданбалы бакалавриат үшін оқытудың практикалық құрамдас бөлігін арттыру және инженерлік бағыттағы білім беру бағдарламалары үшін оқытудың барлық деңгейлері бойынша мемлекеттік білім беру грантының мөлшерін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру мақсатында дуалды жүйені белсенді енгізу ұсынылады.

  • Аукциондар нәтижесінде ЖЭК тарифтерін жыл сайын төмендету жағдайында қосымша қолдау шарасы ретінде ЖЭК жобаларын ағымдағы жылдың соңына дейін инвестициялық жобаларды іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесіне қосу (14.01.2016 жылғы № 13 ҚР ҮҚ).

Қазіргі уақытта ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 287, 289 және 290-баптарына сәйкес артықшылықтар инвестициялық жобалар үшін инвестициялық келісімшарттар арқылы екі режимде беріледі: инвестициялық жобалар үшін (бұдан әрі – ИЖ) және инвестициялық басым жобалар үшін (бұдан әрі – ИБЖ), мысалы:

  • 287-бап: ИБЖ және ИЖ 5 жыл кезеңіне инвестициялық келісімшарттар арқылы кедендік баждардан босатылады;
    • 289-бап: ИБЖ салық заңнамасының тұрақтылығымен қамтамасыз етіледі.
    • 290-бап (салық артықшылықтары):

– ИЖ импортқа (12%), бірақ бірінші негізгі құрал пайдалануға берілгеннен кейін 5 жыл ішінде тек шикізат және/немесе материалдар импортына ҚҚС-тан босатылады.

 – ИБЖ:

  • инвестициялық шартқа қол қойылған күннен кейін 10 жыл ішінде кәсіпорындардан алынатын корпоративтік табыс салығынан (20%);
  • инвестициялық шартқа қол қойылған күннен кейін 10 жыл ішінде жер салығынан;
  • негізгі құралдар пайдалануға берілген күннен кейін 8 жыл ішінде мүлік салығынан (0,5% – 2,0%) босатылады.

Бүгінгі таңда ЖЭК жобалары инвестициялық жобалар тізіміне ғана енгізілген және кедендік баждар мен импортқа ҚҚС-тан босатуды қолдануға құқылы. Алайда, ЖЭК жобаларының ерекшеліктерін ескере отырып, мұндай жобалар электр станциясы пайдалануға берілгеннен кейін шикізатты және/немесе материалдарды импорттамайды. Басқаша айтқанда, ұсынылған ИЖ режимі Кеден кодексінің 190-бабына сәйкес әдеттегі жағдайларда инвестициялық келісімшартқа қарамастан алынуы мүмкін кедендік баждардан босатуды қоспағанда, ешқандай құндылық әкелмейді және ЖЭК жобаларына қолданылмайды.

ЖЭК-тен электр энергиясын сатып алу тарифі енгізілген аукциондар жүйесінің нәтижесінде, сондай-ақ алғашқы 8-10 жыл ішінде ЖЭК жобаларының төмен кірістілігіне байланысты жылдан-жылға төмендейтінін ескере отырып, ЖЭК жобаларына инвесторлардың қызығушылығын жоғалту қаупі бар.

Осылайша, инвесторларға салық жүктемесін жеңілдететін және сәйкесінше саланы инвестициялар үшін тартымды ететін қосымша қолдау шаралары қажет. ЖЭК объектілерінің құрылысына салынатын күрделі салымдардың құны мемлекет қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін электр энергиясының жалпы өндірісіндегі ЖЭК үлесінің 3-5%-ына жету үшін 500 млрд. теңгеден астам сомаға бағаланады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып және елдегі ЖЭК дамуының маңыздылығын, Париж конференциясында Қазақстанның қоршаған ортаға шығарындыларды азайту жөніндегі міндеттемелерін, сондай-ақ «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамада ҚР Президенті қойған нысаналы индикаторларды атап өтіп, ҚР Үкіметінен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану секторының одан әрі өсуін, оның ішінде елге елеулі инвестициялар тарту есебінен қолдау шарасы ретінде ЖЭК жобаларын инвестициялық басым жобалар тізіміне енгізу бойынша қолдау көрсетуді және жәрдем көрсетуді сұраймыз.

ЖЭК саласының іскерлік қоғамдастығы – Solar Fest Qazaqstan қатысушылары, қазақстандық күн энергетикасы қауымдастығының қолдауымен ҚР Үкіметінің құзыретті мемлекеттік органдарымен бірлесіп жоғарыда аталған шараларды енгізудің ықтимал жолдарын қарауға және талқылауға белсенді қатысуға дайын.