Место проведения: Казахстан, город Актау, Warm Beach 34 (Теплый пляж 34), отель Rixos Water World Aktau

QAZAQ GREEN FEST 2025

Жаңартылатын энергетика бойынша IV Халықаралық іскерлік фестиваль

Көрме

2019 жылы Solar Fest Qazaqstan ЖЭК бойынша I халықаралық фестиваль аясында жаңартылатын энергия көздеріне арналған жабдық өндірушілерінің көрмесі өтті. Көрмеге ЖЭК секторындағы жетекші шетелдік және отандық компаниялар қатысты.

Осы іс-шараның келіссөздер алаңы ретіндегі маңыздылығын назарға ала отырып, ЖЭК көрмесі сондай-ақ 2023 жылғы 25-26 мамырда өтеді.

Біздің көрме келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

  • ЖЭК нарығының ойыншы компанияларының ең озық жабдықтары мен қызметтерінің тұсаукесері
  • ЖЭК үшін жабдықтарды әлемдік өндірушілердің үздік-10 құрамына кіретін компаниялардың қатысуы
  • Ынтымақтастық және өнімді Қазақстан нарығына жеткізу мәселелерін талқылау
  • Шетелдік жабдыққа техникалық қызмет көрсету үшін инженерлерді оқыту
  • ЖЭК саласындағы технологиялық міндеттерді талқылау: панельдердің тиімділігін арттыру, электр энергиясын сақтау, беру кезінде электр энергиясының жоғалуы, «тұрақсыз» генерация факторын төмендету
  • Компаниялардың өз өнімдері мен қызметтері туралы ақпаратты ұсыну мүмкіндігі

Көрмеге экспонент ретінде қатысу үшін ұйымдастырушымен – «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығына хабарласу қажет.

Сайтымызда ең жақсы тәжірибе алуыңыз үшін біз cookie файлдарын қолданамыз