QazaqGreenFest-2024 III Халықаралық іскерлік фестивалі
«Жасыл» энергетикаға арналған және «Қазіргі заманның сын-қатерлерін қабылдай отырып, бірге тұрақты болашаққа» ұранымен өткізілетін «Qazaq Green Fest-2024» III Халықаралық іскерлік фестивалі 30-31 мамырда Бурабайда өтеді. Ұйымдастырушылар – Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығымен бірлесіп «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы. Іс-шараның серіктестері – HUAWEI, Acwa Power және Sany International.
Өткен кезең бізге үйретті, қазіргі біздің жолымызды анықтайды, ал тұрақты энергетикалық болашаққа ұмтылу бізді шабыттандырады. Тарих сабақтарын ұғынып, қазіргі заманның сын-тегеуріндерін қабылдай отырып, біз елімізде таза және тұрақты энергетикаға қол жеткізу үшін күш-жігерімізді біріктіреміз. Қазақстан Париж келісімін ратификациялаған және 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын қабылдаған аймақтағы бірінші ел болды. Ел жел және күн энергетикасын дамытуда, сондай-ақ «жасыл» сутегіні өндіруде үлкен әлеуетке ие.
COP 28-де Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны сақтау жөніндегі үндеуіне қолдау білдіріп, әділ энергетикалық ауысу бойынша әріптестік арқылы өңірдегі көмір проблемасын шешуде елді қолдауға шақырды. Бұған қоса, ол климаттық бағдарламаларды қаржыландыруды ұлғайту қажеттігін атап өтіп, климаттың өзгеруіне қарсы күрестің, әсіресе Орталық Азия елдері үшін маңыздылығын атап өтті. 2030 жылға қарай Қазақстан көмір генерациясының үлесін 65%-дан 40%-ға дейін қысқартып, жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 10%-дан 24%-ға дейін ұлғайтуы қажет.
ЕО елдерінің көміртегі салығын енгізуі экспорттық тауарлардың құнына және өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне автоматты түрде әсер етеді. Көтерілген баға отандық тауарлар үшін кейбір нарықтарды жабуы мүмкін, сондықтан кәсіпорындар көміртексіздендіру және балама технологияларға көшу бойынша жұмысты бастауы керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2030 жылға қарай 15%-ды құрауы тиіс.
Энергетика министрлігінің деректері 2023 жылы электр энергиясын өндірудің жалпы көлеміндегі ЖЭК үлесі шамамен 6% құрағанын көрсетеді. Қазақстанда жел, күн, гидроэлектростанциялар мен биоэнергетиканы қоса алғанда, жалпы белгіленген қуаты 2 903,54 МВт болатын 147 ЖЭК нысаны жұмыс істейді. Сондай-ақ жылу сорғыларын, биоотын қазандықтарын және артық жылуды жою жүйелерін енгізу қарастырылуда.
Жоспарланған өзгерістер ЖЭК өндірушілеріне энергияның көтерме нарығында электр энергиясын тікелей сатуға мүмкіндік береді, бұл ЖЭК-тің елдің энергетикалық жүйесіне интеграциясын арттырады. ЖЭК интеграциясы экономиканы көміртексіздендірудің және әр түрлі салаларды электрлендіруді күшейтудің маңызды элементі болып табылады. Қазақстан өз теңгерімінде ЖЭК үлесін ұлғайтуға ұмтылады, бірақ электр желілерін дамытуға және заңнамалық реттеуге байланысты сын-қатерлерге кездесуде.
Qazaq Green Fest сарапшылардың Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамытуды талқылауы үшін негізгі алаң болып қала береді. ЖЭК-ті дамыту электр энергетикасы саласын түрлендірудің драйвері болып саналады және ол елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шағын ауқымды ЖЭК-ті дамыту және энергия жинақтау жүйелерін пайдалану үшін қажет бола түсуде.
Аккредиттеу мәселелері бойынша қосымша ақпарат және түсініктемелер алу үшін үшін: +7 702 403 72 64 (қоңырау шалу және WhatsApp), Надежда Шаяхметова.