+7 701 286 69 50
Search
Close this search box.

QAZAQGREENFEST 2024
Жаңартылатын энергетика бойынша ІIІ Халықаралық іскерлік фестивалі

РУСЛАН ДӘЛЕНОВ

Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының орынбасары

Мармара университетін бітірген (Стамбул қ., 1999), экономист. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін меңгерген.

1999-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің мұнай, газ және энергетика бөлімінің қызметкері, бастығы, Кірістерді талдау және болжау департаментінің бастығы.

2002-2003 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кірістер, конвенциялар және келісімшарттар департаментінің Ағымдағы кірістер басқармасы бастығының міндетін атқарушы.

2003 жылы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің Кірістерді талдау және ағымдағы болжау басқармасының бастығы.

2003-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кірістерді талдау департаментінің директоры.

2005-2008 жылдары – жеке компанияның директоры, «Инвестициялардың рентабельділігін зерттеу агенттігі» ЖШС экономикалық тобының жетекшісі.

2008 жылғы 11 наурыздан бастап – Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі.

2008 жылдың маусым айынан бастап – «Өркен» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

2008 жылғы шілдеден бастап – «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің мүшесі.

2017-2019 жылдары – ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі.

2019-2021 жылдары – ҚР ұлттық экономика министрі.

2021 жылғы ақпаннан бастап – Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) басқарма төрағасының орынбасары.