Іс-шараның тақырыбы: «Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі: төмен көміртекті көшу»
Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы жаһандық трендтер, геосаяси сын-тегеуріндер және Қазақстанның электр энергетикасы саласын дамытудың ағымдағы жай-күйі тұрғысынан аса өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Әлемнің 100-ден астам елі 2050-2060 жылдарға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу мақсаттары туралы мәлімдеді. Артып келе жатқан геосаяси қарама-қайшылықты ескере отырып, әлемнің көптеген елдері энергетикалық жүйелерді трансформациялау және қазба отындарынан жаңартылатын энергия көздеріне көшу процестерін жеделдетті. Сонымен қатар, біздің еліміз энергетика секторында бірқатар проблемаға тап болды: электр энергиясын өндіру тапшылығы, өндіруші қуаттардың ескіруі проблемасы, жабдықтардың апатты тоқтап қалуларының артуы, маневрлік қуаттардың тапшылығы, іргелес мемлекеттерден келетін ағындарға тәуелділіктің ұлғаюы.
Климат жөніндегі халықаралық міндеттемелер шеңберінде Қазақстан Париж келісіміне қосылып, парниктік газдар шығарындыларын шартсыз түрде 15%-ға, сондай-ақ халықаралық қолдау болған жағдайда 2030 жылға қарай шартты түрде 25%-ға төмендету мақсатын қойды. Мәселен, еліміздің парниктік газдарының жалпы шығарындылары 1990 жылы 386 млн. тонна СО2 құрады және міндеттемелерге сәйкес, 2030 жылға қарай Қазақстан 328 млн. тонна СО2-ге тең шығарындылар деңгейінен асырмауға міндетті.
Энергетикалық көшуді қамтамасыз ету және төмен көміртекті даму жөніндегі міндеттерді орындау мақсатында 2023 жылғы ақпанда Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы қабылданды, ол елдің электр энергетикасының көмір генерациясына тәуелділігін біртіндеп төмендетуді көздейді. Мемлекет басшысының алға қойған міндетіне сәйкес 2030 жылға қарай электр энергиясының жалпы генерациясындағы жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 15% құрауы тиіс.
Ел экономикасын декарбонизациялау және Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы үшін төмен көміртекті көшуді қамтамасыз ету процесінің маңыздылығын түсіне отырып, 2023 жылғы 25-26 мамырда«Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы ЖЭК бойынша Qazaq Green Fest II Халықаралық іскерлік фестиваль өткізеді. Фестиваль саланың барлық негізгі ойыншыларын: ЖЭК секторының отандық және шетелдік инвесторларын, халықаралық сарапшылар мен танымал әлемдік көшбасшыларды – жабдықтар өндірушілерін, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының, жобалау және инжинирингтік компаниялардың, Қазақстанның қауымдастықтары мен университеттерінің өкілдерін жинайды.
Фестиваль барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзі күтілуде. ҚР Парламенті Сенатының депутаты Евгений Больгерт, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов, Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қатысатынын растады. Дискуссияға қатысушылар, модераторлар мен спикерлер ретінде Италияның Қазақстандағы Елшісі Марко Альберти мырза, Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич ханым, БҰҰ ДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов мырза сөз сөйлейді.
Фестиваль ҚР Энергетика министрлігі мен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми қолдауымен өткізіледі.
Панельдік сессиялардың тақырыптары:
- Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері;
- Қазақстанның электр энергетикасы саласын дамытудың стратегиялық пайымы;
- Корпоративтік деңгейде көміртегі ізінің төмендеуі;
- Шағын ауқымды ЖЭК дамыту;
- Көміртегі нарықтары: халықаралық тәжірибе және Қазақстандағы даму перспективалары;
- Қазақстанда ЖЭК-ті одан әрі дамыту жолдары: жоспарлар, проблемалар мен перспективалар;
- ЖЭК үшін қолжетімді қаржыландыру құралдарын енгізу перспективалары;
- Энергия жинау жүйелерін енгізу;
- ЖЭК-те отандық инвестицияларды дамыту;
- ESG саясаты: гендерлік аспектілер және корпоративтік басқару және т. б.
Талқылау нәтижесі Хартия – жаңартылатын энергетика саласының іскерлік қоғамдастығынан Қазақстанда ЖЭК-ті одан әрі дамыту бойынша ҚР Үкіметіне үндеу болады.
Сондай-ақ, фестиваль аясында Қауымдастық БАҚ өкілдері арасында Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамыту туралы үздік материалдарға байқау өткізеді. Байқау төрт номинация бойынша өтеді: «Баспа БАҚ-тағы үздік жарияланым», «Телеарна эфиріндегі үздік телевизиялық сюжет», «Интернет-басылымдағы үздік жарияланым» және «ЖЭК бойынша «Qazaq Green Fest» халықаралық іскерлік фестиваліне дайындық тақырыбын үздік жариялағаны үшін». Әр номинацияның жеңімпаздары ақшалай сыйлық алады. Байқаудың шарттары мен ережелері туралы толық ақпаратты https://qazaqgreenfest.kz/meropriyatiya/zhurnalistskij-konkurs/ сайтынан табуға болады. Қорытындыларды жариялау және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі фестиваль кезінде 2023 жылдың 25 мамырында өтеді.
Сонымен қатар іс-шара аясында өтеді:
- Щучинск сәбилер үйінің балаларына арналған қайырымдылық акциясы.
- Сала көшбасшылары мен Қазақстанның ЖЭК негізгі ойыншыларының көрмесі.
Фестивальге қатысушыларды тіркеу және БАҚ аккредиттеу 20 мамырға дейін ашық https://qazaqgreenfest.kz/media-czentr/akkreditacziya/ .
Қосымша ақпарат алу үшін, аккредиттеу мәселелері және түсініктемелер бойынша жүгіне аласыз: +7 702 403 72 64 (қоңыраулар және WhatsApp), сондай-ақ konkurs@qazaqgreenfest.kz, Надежда Шаяхметова электрондық поштасы арқылы
Анықтама үшін:
* Qazaq Green ЖЭК қауымдастығы – коммерциялық емес бірлестік, 2018 жылы инвесторларды, девелоперлерді, жабдықтарды өндірушілерді, халықаралық қаржы институттары мен университеттерді біріктіре отырып, Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытуды қолдау мақсатында құрылған. Qazaq Green ҚР Энергетика министрлігінде, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінде, «Атамекен» ҚР ҰКП аккредиттелген.
* ЖЭК халықаралық іскерлік фестивалі туралы: 2019 жылы Қазақстанда алғашқы жаңартылатын энергетика фестивалі – Solar Fest Qazaqstan өтті, оған мемлекеттік органдарды, қаржы институттарын, отандық және шетелдік инвесторларды, халықаралық сарапшылар мен сала көшбасшыларын қоса алғанда, 300-ден астам сала өкілдері жиналды.
Іс-шара Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытудың өзекті мәселелеріне, мәселен, жобаларды іске асырудың проблемалары мен қиындықтарына, одан әрі даму перспективаларына, алаңдатарлық сын-қатерлерге арналды.
Талқылау нәтижесінде саланың іскерлік қоғамдастығынан ҚР Үкіметіне үндеу – Хартия жасалды, онда секторды дамыту үшін маңызды мәселелер көтерілді. Қазіргі уақытта олардың көпшілігі, шағын ауқымды жобаларды енгізуді ынталандыру, шартты тұтынушылардың төлем қабілеттілігінің тәуекелдері, ЖЭК бойынша есеп айырысу-қаржы орталығының қаржылық тұрақтылығы, кадрлық әлеуетті даярлау және ЖЭК жобаларын инвестициялық жобаларды іске асыру үшін басым қызмет түрлерінің тізбесіне енгізу сияқты мәселелер шешілді немесе Үкіметтің қолдауына ие болды. Осылайша, фестиваль мемлекеттік органдардың көзқарасы мен бизнестің пікірін біріктіре отырып, Қазақстандағы ЖЭК-ті талқылаудың негізгі алаңына айналды.
Биыл жаңартылатын энергия көздері бойынша екінші фестиваль жаңа атауға – ЖЭК бойынша Qazaq Green Fest 2023 II Халықаралық іскерлік фестивалі атауына ие болды және елдің 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі халықаралық міндеттемелерін қолдау шеңберінде «Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі: төмен көміртекті көшу» өзекті тақырыбында өткізіледі.
Фестивальдің бас серіктесі – HUAWEI компаниясы, ресми демеушілер –LONGI, SANY, TotalEnergies, Jusan Bank компаниялары.
Сонымен қатар фестивальдің демеушілері болды: Жаңатас ЖЭС, Jinko Solar, UNICASE, Bureau Veritas, Kazenergy, Hevel Kazakhstan, Alageum Electric, Profland, Еуразиялық даму банкі.
Фестивальдің ресми серіктес қонақ үйі – Rixos Hotel Borovoe.