+7 701 286 69 50
Search
Close this search box.

QAZAQ GREEN FEST 2024
Жаңартылатын энергетика бойынша ІIІ Халықаралық іскерлік фестивалі

Журналистік материалдар конкурсы

Qazaq Green Fest ЖЭК бойынша II халықаралық іскерлік фестивалі аясында Қазақстанда жаңартылатын энергия секторын дамытудың нәтижелері мен перспективаларына арналған журналистік материалдар конкурсының қорытындысы шығарылады

Конкурсқа қатысу үшін 2023 жылғы 15 наурыз бен 2023 жылғы 15 мамыр аралығында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ТВ-арналарда шыққан, отандық баспа, интернет-БАҚ-та жарияланған материалдар жіберіледі.

Конкурстық комиссия 4 номинация бойынша жеңімпаздарды (1, 2 және 3-орын) анықтайды:

  • «Баспа БАҚ-тағы ең үздік жарияланым»,
  • «Телеарна эфиріндегі ең үздік телевизиялық сюжет»,
  • «Интернет-басылымдағы ең үздік жарияланым»,
  • «Qazaq Green Fest» ЖЭК бойынша халықаралық іскерлік фестивальге дайындық тақырыбын үздік жариялағаны үшін».

Марапаттау рәсімі 2023 жылғы 25 мамырда Rixos Borovoe қонақ үйінде Qazaq Green Fest халықаралық іскерлік фестивалінде өтеді. Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар беріледі.

Конкурс шарттарымен толығырақ келесі сілтеме бойынша ережеден таныса аласыз:

Үміткерлер толтырылған өтінім нысанын және өз жұмыстарын (жарияланған мақаланың сканерленген нұсқасы және/немесе сілтеме, материалдың бейнежазбасы) электрондық мекенжайға: konkurs@qazaqgreenfest.kz, сондай-ақ 2023 жылғы 16 мамыр сағат 18:00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Княгинин көшесі, 11 мекенжайы бойынша тақырыбында «БАҚ конкурсына өтінім» көрсетіп, баспа және электрондық тасығыштарда жібере алады.

«Жаңатас жел электр станциясы» ЖШС журналистік материалдар байқауының демеушісі болды.
Бұл Visor Inernational DMCC және China Power International Holding Limited (CPIH) құрылтайшылары болып табылатын шетелдік капиталы бар компания.
40 жел турбинасы бар Жаңатас жел электр станциясы 2021 жылдың шілдесінде іске қосылды, ол желдің жылдамдығы орта есеппен 7-8 м/с болатын бірегей жел әлеуеті бар жерде орналасқан.
Қуаты бірдей көмір электр станциясымен салыстырғанда ЖЭС 109 500 тоннаға дейін көмірді үнемдеуге және күкірт диоксидінің 1031 тоннаға, азот оксидінің 934 тоннаға, көміртегі диоксидінің 289 000 тоннаға зиянды шығарындыларын, шаңды 322 тоннаға азайтуға, сондай-ақ күл мен қож шығарындыларының көлемін жылына 32 900 тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.
Желден электр энергиясын өндіру экологиялық таза жаңартылатын энергия көзі болып табылады. Өндіріс процесі технология қоршаған ортаны ластамайтындай жолмен жүргізіледі. Сонымен қатар, станция ағынды суларды көп шығармайды және округтегі электромагниттік жағдайды бұзбайды.
Жаңатас ЖЭС жобасы Қазақстанның электр энергетикасын жаңғыртуға ғана емес, сонымен қатар елдегі жаңартылатын энергия көздерін дамытуға үлес қосуға бағытталған, ол сондай-ақ елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына серпін берді.

Барлық сұрақтар бойынша келесі байланыстар бойынша хабарласыңыз:

Надежда Шаяхметова, Тел.: +7 702 403 72 64, e-mail: nadezhda.rabota2015@gmail.com

Тимур Шалабаев, Тел.: +7 701 286 69 50, e-mail: t.shalabayev@spaq.kz