+7 701 286 69 50
Search
Close this search box.

QAZAQ GREEN FEST 2024
Жаңартылатын энергетика бойынша ІIІ Халықаралық іскерлік фестивалі

ЕРЕЖЕ

Қазақстанда жаңартылатын энергия секторын дамытудың нәтижелері мен перспективаларына арналған журналистік материалдар конкурсы туралы

Қазақстанда ЖЭК-ті дамыту тақырыптары бойынша материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі — БАҚ) үздік жариялауға конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізу туралы ереже, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей:

  • жаңартылатын энергия көздерін дамыту,
  • ЖЭК саласындағы мемлекеттік саясат,
  • «жасыл» энергетика жобаларын іске асыру,
  • халықтың және ШОБ-тың ЖЭК пайдалануы,
  • секторды дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары және ЖЭК саласындағы сәтті кейстер.

1. КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1.1. Конкурстың мақсаттары:

  • Қазақстандағы жаңартылатын энергетика туралы үздік және объективті журналистік репортаждардың, сұхбаттардың, сюжеттердің және сараптамалық-талдамалық материалдардың авторларын көтермелеу. Қазақстанда жаңартылатын энергия саласын дамыту мәселелерін жариялайтын қазақстандық БАҚ пен авторлардың жұмысында кәсіби сапалы құрамдас бөлікті дамытуға жәрдемдесу;
  • ЖЭК дамыту саласындағы өзекті проблемалар мен даму перспективалары туралы оқырмандарды кеңінен хабардар ету;
  • әр түрлі нысаналы топтар арасында ЖЭК танымал ету;
  • экологиялық мәселелерге жұртшылықтың назарын аудару.

1.2. Конкурсты өткізу келесі міндеттерді шешуге арналған:

  • ЖЭК проблемаларын жариялау бойынша журналистердің, салалық қоғамдастықтың шығармашылық белсенділігін жандандыру;
  • ЖЭК саласындағы тақырыптарды жариялауда журналистердің кәсіби деңгейін арттыру;
  • Қазақстанда «жасыл» энергетиканы дамытуға арналған БАҚ-та тұрақты айдарлар, теледидар мен радиода апта сайынғы бағдарламалар, интернетте тақырыптық порталдар құруды ынталандыру.

2. КОНКУРС ЖҮЛДЕЛЕРІ

  • Қатысушылар 2023 жылғы 25-26 мамырда Бурабайда өтетін Жаңартылатын энергия көздері бойынша халықаралық іскерлік фестиваль – Qazaq Green Fest фестиваліне шақырылады. Өткізу орнына – Rixos Borovoe қонақ үйіне Астана – Бурабай – Астана бағыты бойынша трансфертті ұйымдастырушылар қамтамасыз етеді.
    • Әр номинация бойынша 3 жүлделі орын (1, 2, 3-орын) анықталады.
    • Конкурс жеңімпаздарына әр номинация бойынша тиісті дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етіледі:
  • 1-орын үшін – 300 мың теңге;
  • 2-орын үшін – 150 мың теңге;
  • 3-орын үшін – 100 мың теңге.
    • Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің Qazaq Green Fest жаңартылатын энергия көздері бойынша халықаралық іскерлік фестивалі қатысушыларымен: ҚР ресми тұлғалары, отандық және шетелдік инвесторлар, девелоперлер, ғалымдар, сарапшылармен кездесулерін ұйымдастыру көзделген, бұл қазақстандық БАҚ-та «жасыл» энергетика саласын сапалы, кәсіби және объективті жариялау мақсатында ұзақ мерзімді байланыстар мен ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

3. КОНКУРСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ЖӘНЕ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

3.1. Конкурстың ұйымдастырушысы «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығы» ЗТБ болып табылады.

3.2. Жұмыстарды жаңартылатын энергетика секторының сарапшы-өкілдері қатарынан құзыретті қазылар алқасы бағалайды.

3.3. Конкурстың қазылар алқасы 7 адамнан – салалық мемлекеттік органдардың, бейіндік қауымдастықтардың, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының, университеттердің өкілдерінен тұрады.

3.4.  2023 жылғы 16-20 мамыр аралығында барлық номинациялар бойынша үздік жұмыстарды анықтау процесі өтеді, оның барысында қазылар алқасы 10 балдық межелік бойынша балл қою арқылы әрбір номинация бойынша конкурсқа түскен жұмыстарды бағалайды.

3.5.  Қазылар алқасы конкурстық жұмыстарды келесі критерийлер бойынша бағалайды:

  • материалдың өзектілігі мен құндылығы;
  • ұсынылған жұмыстардың конкурс тақырыбына сәйкестігі;
  • материалдың сапасы, оның ішінде ақпараттың дұрыстығы, тұжырымдардың, сандардың, фактілердің анықтығы;
  • материал конкурс өткізу кезеңінде алғаш рет жариялануы/эфирге шығуы тиіс;
  • оқырман/көрермен аудиториясын қамту деңгейі;
  • плагиаттың болмауы.

4. КОНКУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҒЫТТАРЫ:

4.1. Конкурсқа қатысушылардың көп санын тарту, конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында конкурс мынадай бағыттар бойынша өткізіледі:

  • «Баспа БАҚ-тағы ең үздік жарияланым»,
  • «Телеарна эфиріндегі ең үздік телевизиялық сюжет»,
  • «Интернет-басылымдағы ең үздік жарияланым»,
  • «Qazaq Green Fest» ЖЭК бойынша халықаралық іскерлік фестивальге дайындық тақырыбын үздік жариялағаны үшін».

5. ЖҰМЫСТАРДЫ ҰСЫНУ ТӘРТІБІ

  • Конкурсқа 2023 жылғы 15 наурыздан ерте емес және 2023 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей жарияланған және/немесе эфирге шыққан қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі материалдар қабылданады.
    • Конкурсқа қатысуға жіберілетін материалдарға қойылатын талаптар:
  • баспа – газеттердің (журналдардың) түпнұсқалары, газеттердің (журналдардың) сканер-көшірмелері түрінде, сондай-ақ басылымның электрондық нұсқасы болған кезде – материалдың шығу күні көрсетілген сілтеме түрінде;
  • ақпараттық агенттіктер, интернет-БАҚ – материалдың шығу (таралу) күнін көрсете отырып, материалға сілтеме түрінде;
  • телеарналар эфирінде шыққан бейне-материалдар – шығу күні көрсетілген материалға сілтеме түрінде. Эфирлік анықтаманың немесе редакцияның ілеспе хатының болуы міндетті.

6. КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ:

6.1. Конкурсқа қатысу үшін 2023 жылғы 15 наурыз бен 2023 жылғы 15 мамыр аралығында қазақстандық БАҚ-та конкурстық материалды жариялау қажет.

  • Конкурсқа қатысушылар 2023 жылғы 16 мамырда сағат 18:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша) барлық материалдарды ұсынып, номинацияны көрсете отырып, өтінім беруі тиіс. Көрсетілген уақыттан кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды. Ұйымдастырушылардың өтінімді алғаны туралы қатысушыға жауап хатында хабарланады.
    • Барлық жұмыстар электрондық поштаға жіберілуі керек: konkurs@qazaqgreen.kz 
    • Конкурс материалдарының тілі: қазақ, орыс, ағылшын. 
    • Жоғарыда көрсетілген шарттарды бұза отырып ұсынылған жұмыстар қаралмайды. Конкурсқа қатысу үшін келіп түскен материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

7. ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ МАРАПАТТАУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР

  • Конкурс қорытындысы 2023 жылдың 25 мамырында жарияланады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Rixos Borovoe қонақ үйінде Qazaq Green Fest халықаралық іскерлік фестивалінде өтеді.

Қазақстанда жаңартылатын энергия секторын дамытудың нәтижелері мен перспективаларына арналған журналистік материалдар конкурсына қатысуға өтінім

  1. БАҚ атауы (редакция, телеарна, портал және т.б.)

____________________________________________________________

  • Қатысушының ТАӘ

____________________________________________________________

  • Жарияланым тақырыбы және күні

__________________________________________________________________________________________________________________________

  • Конкурстың тақырыптық бағыты (ережеге сәйкес көрсету):

_____________________________________________________________

  • Өз туралы қысқаша (жұмыс тәжірибесі, кәсіби жетістіктер, марапаттар және т.б.)

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Конкурстық материалға сілтеме (егер Сіздің материалыңыз тек физикалық тасығышта болса, өтінімге тіркеп, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының мекенжайына жіберіңіз)

Күні                                                                                 Қолы/мөр

Өтінім нысанын толтыру, қол қою және басылымның мөрімен куәландыру қажет