+7 701 286 69 50
Search
Close this search box.

QAZAQ GREEN FEST 2024
Жаңартылатын энергетика бойынша ІIІ Халықаралық іскерлік фестивалі

Сабырғали Идрисов

«Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС Бас директоры

1995 жылы Ресей Федерациясындағы атом энергетикалық Обнин институтының «инженер-физика-жылу энергетикасы» мамандығын үздік тамамдаған.

Еңбек жолын 1995 жылы Қарағанды облысындағы «Қазақмыс корпорациясы» АҚ Жезқазған ЖЭО машинист қараушысы болып бастаған. Бұдан соң турбина машинисі болып еңбек етті. Энергетика саласында тереңдете алған техникалық білімнің арқасында «Қазақмыс корпорациясы» АҚ Жезқазған ЖЭО станциясының ауысым басшысы қызметіне жоғарылады.

2003 жылдан бастап, Сабырғали Идрисов – техникалық директордың орынбасары, одан соң, бас инженердің орынбасары, Қарағанды ЖЭО-3 өндіріс бойынша директоры, «Қарағанды Жылу» ЖШС коммерциялық директоры қызметтерін абыройлы атқарды.  
Басқарушылық қызметтерде ұйымдастырушылық қабілетінің жоғары жетістіктерін байқатқан Сабырғали Мұхаметқалиұлы 2007 жылы «Қарағанды Жылу» ЖШС бас директоры лауазымына тағайындалды. Аталған лауазымды атқара отырып, ондаған жоғары технологиялы, өндірістік жобаларды жеке бастамасы арқасында жүзеге асырды. Осының арқасында компанияның экономикалық даму көрсеткіштері анағұрлым артты.  

Сабырғали Идрисов өзінің 5 жыл мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі кезінде ел алдындағы міндетін абыройлы атқарды.  
2009-2010 жылдары Сабырғали Мұхаметқалиұлы ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мемлекеттік энергетикалық  бақылау Комитеті төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.   
2012-2014 жылдары аралығында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті. Бұл қызметте жүріп, аталған өңірдегі тұрғын үй және коммуналдық кешеніне жауапты болды. Осының аясында жылу беру маусымына бақылауды күшейтіп, энергия өндіруші, таратушы және жабдықтаушы мекемелермен жұмысты жандандырды.
2010 жылы Сабырғали Идрисов құрамына Қарағанды ЖЭО-3 және Қарағанды ЖЭО-1 кіретін «Караганда Энергоцентр» бас директоры қызметіне кірісті.
2015-2017 жылдары аралығында Сабырғали Мұхаметқалиұлы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары Комитетіне қарасты «Казводхоз» РМК бас директоры қызметін атқарды. «Казводхоз» РМК-ның бүгінге дейін республика көлеміндегі барлық өңірде бөлімшелері бар. Олар республикалық маңызы бар су шаруашылық нысандарының қауіпсіздігі мен күтіп-бапталуына тікелей жауапты.
2017 жылдан 2021 жылдың ақпан айына дейін Сабырғали Идрисов – «Өскенмен ЖЭО» ЖШС бас директоры қызметін атқарды. Өскемен жылу энергоорталығы Шығыс Қазақстан облысындағы жылу өндіруші ірі кәсіпорын болып табылады. Кәсіпорын өндіріс орындарын қоса алғанда қаланың тұрғын үй коммуналды секторының 80 пайызын қамтамасыз етеді.
2023 жылдың маусым айынан бастап, Сабырғали Идрисов «Қазақстан коммуналды жүйелері» ЖШС бас директоры қызметіне тағайындалды.